• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2015

Екі күнде қос алтын медаль...

272 рет
көрсетілді

Қаңтардың 25-і күні Слова­кияның Штербск Плесо қаласында басталған ХХVІІ Қысқы Универ­сиаданың алғашқы екі күнінде Қазақстан спортшылары екі алтын медаль алып үлгерді. Жарыстың бірінші күні биатлоннан 15 шақырымдық жарыс өтіп, онда щучьелік Алина Райкова чемпион атанған еді.  Жарыс барысында нысана көздеуде бір рет мүлт кеткен қазақстандық шаңғымен жүгіруде жүйріктік танытты. Соңғы нысанадан кейін ол ресейлік Екатерина Авва­кумовадан 9 секундқа қалып келе жатты. Бұдан кейінгі шақырымда жүрісін жылдамдата түскен ол мәреде ең үздік көрсеткіш көрсетіп, чемпион атанды. Екінші орынға Е.Аввакумова, үшінші орынға словак Паулина Фиалкова көтерілді. Қалған қазақстандықтар Галина Вишневская  төртінші, Дарья Усанова тоғызыншы орын алды. Ал кеше шаңғышы Анастасия Слонова 15 шақырымға спринттік жарыста мәреге бірінші болып келіп, команда қоржынына екінші алтын медальді салды. Риддерден келген қыз тартысты жарыста поляк Эвелина Марчиж пен ресейлік Светлана Николаеваны артта қалдырды. 25 ақпанда басталған Қысқы Универсиада 14 ақпанда аяқталады. Екі күнгі жарыстың қорытын­ды­сында 2 алтын медалі бар Қазақ­стан құрамасы бірінші орында келеді. Екінші орында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жинаған Ресей командасы тұр. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.