• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2015

Келісімшарт әскерилерінің саны артып келеді

220 рет
көрсетілді

Қазақстанда Қарулы Күштерді келісімшарт бойынша жасақтау жүйесі 2002 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілген болатын. Қазіргі уақытта Қарулы Күштеріміздегі әскери қызметшілердің 74 пайызы келісімшарт бойынша қызмет етуде. Мұның мөлшері жыл сайын 4-5 мың адамға ұлғайып келеді. Келісімшарт бойынша қызметке қабылданатын әскери қызметшілер мемлекет тарапынан қомақты әлеуметтік қолдау көреді. Келісімшарт бойынша әскери қызметші мен оның отбасы мүшелері тұрғын үймен қамтамасыз етіледі немесе оны жалдағаны үшін өтемақы алады. Жекешелендіру құқығы барлардан басқасы әскери қызметтен босаған жағдайда қызметтік тұрғын үйді қайтарады. Сонымен қатар, тегін медициналық қызмет көрсету көзделген. Жиырма жылдан артық еңбек сіңіріп, қызметтен босатылғандар әскери-медициналық мекемелерде тегін емделуін жалғастырады, ал жиырма бес жылдан аса қызмет еткендер санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі. Тұрғын үй берілуі мен тегін медициналық қызмет көрсетуден басқа, келісімшарт бойынша әскери қызметші мен оның отбасы мүшелері басқа орынға көшкен жағдайда әуе, теміржол, су жолы және автомобиль көліктері қызметтерін тегін пайдалана алады, балаларына балабақшадан кезектен тыс орын беріледі. Келісімшарт бойынша қызмет – саналы түрде және кәсіби негізде ерікті Отан қорғаушы болу мүмкіндігі. Бүгінгі таңда Қазақстан армиясы аралас жасақтау қағидатын ұстанып келеді. «Егемен-ақпарат».