• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2015

Құқықтық мәдениетті көтеруге назар жоғары

323 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ бейбіт жиналыс­тар мен ассоциациялар бостандығына құқық мәселелері жөніндегі Арнайы баяндамашысы Майна Киаимен кездесті. Әңгіме барысында Қазақстан Рес­публикасында бейбіт жиналыстар мен ассоциациялар бостандығының құ­қықтары жөнінде Арнайы баянда­машыға ұсынылған Шолу құжаты туралы сөз қозғалды. Құжатта Қазақстанның аталған саладағы ағымды жағдайы баяндалған. 2015 жылы БҰҰ Адам құқықтары жө­нін­дегі бюро кеңесінің құрамына Қазақ­станның төраға орынбасары ре­тінде сайлануын атап өтіп, Е.Ыды­рысов Қазақстан барлық халықаралық ұйымдармен және құқық қорғаушы институттармен әрі қарай тиімді ынты­мақтасуға дайын екенін жеткізді. Қазақстан көптеген құқық қор­ғау келісімдерін ратификациялады. Аталған құжаттарды іске асыру бойынша, ұлттық заңнама мен құ­­қық­тық қолдану тәжірибесін рати­фи­­кация­ланған құжаттармен сәйкес­тен­діру жұмыстары дағдылы атқарылып келеді. Арнайы баяндамашының бейбіт жиналыстар мен ассоциациялар бос­тандығы құқық мәселелері мандатына қатысты Қазақстан Үкіметі спорттық-бұқаралық, мәдени-көріністік және өзге бұқаралық шараларды өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын жасау жөнінде шешім қабылдағаны айтылды. Құқық қорғау конвенциялары ережелерін жүзеге асыру туралы есептер белгіленген мерзімінде Женеваға жіберіліп тұрады. Осылайша, Қазақстан өткен жылы үш конвенция (нәсілдік кемсітушілік, әйелдер, азаптау) және Мерзімді әмбебап шолу бойынша БҰҰ Адам құқықтары кеңесінде төрт есебін сәтті қорғады. Қазіргі таңда Қазақстанда адам өлшеуіші бойынша нормативтік-құқықтық база мен тәжірибелік шараларды одан әрі кемелдендіру бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. 2010-2020 жылдарға Құқықтық саясат тұжырымдамасы жасалып, жүзеге асырылуда. Жақын арада 2020 жылға дейінгі адам құқықтары саласында жаңа Ұлттық іс-қимылдар жоспарының жобасы жасалады деп күтілуде. Қазақстанның мемлекеттік органдары халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық қоғаммен ынтымақтасуға ерекше көңіл бөледі. Пікірлердің толыққанды мониторингін қамтамасыз ету мен құқық қорғау саласында тиісті шешімдер қабылдауға ықпал жасау мақсатында ҚР СІМ жанында «Адами өлшем жөніндегі үнқатысу алаңы» деген атпен Консультативті-кеңесші орган жұмыс істейді. «Егемен-ақпарат».