• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қыркүйек, 2024

Елімізде алғашқы ең ұзын автожол туннелі пайдалануға берілді

163 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты туннельдің ресми ашылуы бүгін өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше  туннельдің ұзындығы 840, ені 11, биіктігі 8 метрді құрайды. Туннелдің жанында жүргізушілер мен жолаушылар үшін жол жөндеу пункті, жанармай құю бекеті, тікұшақ алаңдары, сауда нүктелері орналасқан. Жуырда 100 адам және 15 бірлік арнайы техника жұмылдырылуымен арнайы оқу-жаттығулары өтіп, туннелдің қауіпсіздік жүйелері, оның ішінде желдету және өрт сөндіру жұмыстары сыналды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде көлік құралдарын жедел сүйреу және жол-пайдалану техникасының қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер пысықталды.