• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 Қыркүйек, 2024

Қазақтың тұлпары «Құнан бәйгеде» де бірінші келді

217 рет
көрсетілді

Көшпелілер ойындарында 11 шақырымдық құнан бәйгесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Құнан бәйгесінде мәре сызығын бірінші кескен «Қамысқұлақ» есімді тұлпардың тізгінінде Әмір Серік болған. Бапкері - Біржан Шаймерденов, жүйріктің иесі - Нұржігіт Табылдиев. 

Екінші және үшінші орынды да Қазақстан алған.

2-орын. «Айшуақ», шабандозы – Аңсар Арыстанбек, ат иесі – Алтынбай Қасым, бапкері – Жамбыл Бөбекбай.

3-орын. «Бақторы», шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш, ат иесі – Айбек Бейсбаев, бапкері – Әділет Ноқатай. 

Байрақты бәйгеде Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия елдерінен 15-тей құнан бақ сынады.