25 шақырымдық Аламан бәйгеде де Қазақстан тұлпары бірінші келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 шабандоздан соңғы айналымда 7 ат қана қалған «Аламан бәйге» бойынша қоржынға 1 алтын, 1 күміс түсті.
1-орын: «Айқабақ», шабандоз – Ансар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай. 2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов. 3-орын: «Қара қыз», шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).