• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қыркүйек, 2024

«Бір белдеу, бір жол»: Ұлы Жібек жолын жандандыру идеясы өзекті

132 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов бастаған қазақстандық делегация Гонконгта   «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында өткен 9 саммитке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізден аттанған делегация құрамында Қазақстанның Даму Банкі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық даму қоры» өкілдері болды.

Арман Қасенов «Саяси диалог: өзара байланысты әлем үшін көпжақты ынтымақтастық» панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде қазіргі геосаяси және геоэкономикалық сын-қатерлер жағдайында «Ұлы Жібек жолын» жандандыру идеясы тың өзектілікке ие болып отырғанын атап өтті.

«2013 жылы жарияланған «Бір белдеу, бір жол» бастамасын Қазақстан алғашқылардың бірі болып қолдады әрі оны жүзеге асыруда Қытайдың сенімді серіктесі болып табылады. Осы бастама аясында барлық елдер өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін үлкен әлеуетке иә. Оның ішінде инновациялар мен жасыл энергетика, көлік, логистика және қаржы саласы да бар», деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар қазақ делегациясы «Silk Road Found», Қытайдың мемлекеттік даму банкі (CDB), Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (AIIB), Қытай-Еуразиялық қоры мен «SINOSURE» сақтандыру сынды Бейжіңде орналасқан бірқатар қытай қаржы институттары басшыларымен кездесті.