Қазгидромет мамандары Астана мен тағы ек қала тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2024 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы, түнде Өскемен, Риддер қалаларында ауа шектен тыс ластанады деп күтіледі», делінген хабарламада.
Синоптиктер Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары бойынша болжамын ұсынды.
«Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстікте, шығыста, орталықта және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңғы уақыттарда тұман күтіледі», деп хабарлады метеорологтар.
Сонымен қатар Абай ауданының орталығында, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының солтүстігінде және Жетісу облысының таулы аймақтарында 1-2 градус аяз күтіледі.