• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Бокс 17 Қыркүйек, 2024

Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ дәрежесін ауыстырады

108 рет
көрсетілді

Жыл соңында Аммандада бокстан Азия чемпионаты өтеді. Турнир қарсаңында Қазақстан құрамасының кейбір спортшылары салмақ ауыстырады. Бұл туралы бас бапкер Қайрат Сәтжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Азия чемпионатына ең мықты деген боксшыларды апарамыз. Құрлық додасы қарсаңында біраз боксшының салмақ дәрежесі ауысады. 48 келіде Санжар Тәшкенбай мен Теміртас Жүсіпов, 51 келіде Сәкен Бибосынов пен Дамир Әбдіхалықов арасында өзара мықты атанған боксшыларға басымдық береміз. Махмұд Сабырхан да 54 келіде күш сынап көретінін айтты. Серік Теміржанов 60 келіге, Айбек Оралбай +92 келіге ауысып жатыр. Қамшыбек екеуін бақылаймыз, егер Қоңқабаевтың салмағы аздау боп жатса, 92 келіге түсірерміз. Мұның бәрі алдағы уақыттың еншісінде. Салмақ бойынша осындай жаңалықтар бар», деді бас бапкер.

Еске сала кетейік, Парижде өткен Олимпиадада Махмұд Сабырхан 57 келі салмақта, Айбек Оралбай 92 келіде шаршы алаңда жұдырықтасқан еді.