Әбиба Әбужақынова Халықаралық дзюдо федерациясының нұсқасы бойынша 48 келіге дейінгі дзюдошылардың әлемдік рейтингінде 5-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әбиба 5778 ұпаймен бесінші орынға жайғасты. Алайда наурыз айынан бастап ол бір позицияға төмендеді, бұған дейін ол рейтингте төртінші орынға ие болған еді.
Сонымен қатар Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта Олимпиадалық рейтингте 3-орынға ие болды.
Еске сала кетейік, биыл Парижде өткен жазғы Олимпиадада Әбиба Әбужақынова қола үшін белдесуде 5-ші орын алған еді.