• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2015

Ақтөбеде үздік аудандық сот анықталды

447 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 27 қаңтар. Өңірдегі он төрт аудандық сот арасынан Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Жылдың үздік аудандық соты» конкурсында жеңімпаз атанып, республикалық байқауға жолдама алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Соттың жұмысын дұрыс деңгейде ұйымдастыру сот төрелігін ойдағыдай жүзеге асырудың негізі болып табылады. «2014 жылдың үздік сотын» анықтау мақсатында құрылған комиссия былтырғы он айының жұмыс қорытындылары бойынша аудандық және оған теңестірілген соттардың жұмыстарын таразылай келе, жоғары көрсеткіштерге жеткен Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотын жеңімпаз деп таныды. Өткен жылдың 10 айында аталған сотпен 268 азаматтық, 124 қылмыстық және 449 әкімшілік істер қаралған. Сот өндірісінде қаралған істердің 2014 жылдың 10 айында апелляциялық сатыда 8 азаматтық, 7 қылмыстық және 1 әкімшілік істер, кассациялық сатыда 3 қылмыстық іс қаралған. Оның ішінде, күші жойылған немесе өзгертілген сот актілері болған жоқ. Сот кеңсесінің іс жүргізуіне бағытталған жұмыстар да дұрыс жолға қойылған. Ай сайын «Ашық есік» күнін өткізу, үн-бейнежазба құрылғысын пайдалану арқылы сот процестерін жүргізу, электрондық талап арыздарды қабылдау, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара жұмыс жасау тиісті деңгейде жүзеге асырылып, ұйымдастырушылық шаралар жоғары деңгейде орындалған. Сонымен қатар, сот төрелігін жүзеге асыру барысында және сот кеңсесі жұмысының тиімді ұйымдастырылуын дұрыс жолға қойып, айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізген Қобда және Мәртөк аудандық соттары тиісінше екінші және үшінші орындарды иеленді. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: akt.sud.kz.