Атыраулық ғалым, техника ғылымдарының докторы Бекет Кенжеғұлов елімізге атом электр станциясы ауадай қажет екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Елімізде газ, көмір, жел және күн көзінен электр қуаты алынып жатқаны мәлім.
Алайда, ғалымның айтуынша адам саны көбейген сайын, электр тұтынушыларының саны да артып, күндердің күнінде электр тапшылығы сезіледі, мамандардың зерттеуінше, аталған тапшылық қазірдің өзінде сезіліп жатыр.
«Сол тапшылықты жою үшін бізге қосымша электр қуатын алатын көз керек, ол - АЭС», дейді ғалым.
Ғалымның айтуынша, Қазақстанда су мәселесі де тапшылық етіп тұр. Газ бен көмірден электр энергиясын көбейтейік десек, «Париж келісіміне» 2023 жылы Қазақстан қол қойған. Аталған құжатқа, яғни, «жасыл энергетика», «таза экология» деген қағидаға сәйкес келуіміз керек.