• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 10:50

Месси футболдан әлем чемпионатына қатыса ма?

20 рет
көрсетілді

Аргентина ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған алдын ала кеңейтілген құрамын жариялады. Тізімге 55 футболшы енген, олардың көшін команда капитаны Лионель Месси бастап тұр, деп жазады Egemen.kz.

Аргентина футбол қауымдастығының (AFA) мәліметінше, бас бапкер Лионель Скалони ФИФА-ға ресми түрде алдын ала өтінім тізімін жолдаған. Негізгі құрам тізіміне енген ойыншылар Еуропаның жетекші чемпионаттарында өнер көрсетеді. 

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?

Құраманың негізгі ойыншылары қатарында:

Қақпашылар: Эмилиано Мартинес («Астон Вилла») және тағы бес қақпашы.

Қорғаушылар: Лисандро Мартинес («Манчестер Юнайтед»), Николас Отаменди («Бенфика»), Кристиан Ромеро («Тоттенхэм»), Леонардо Балерди, Факундо Медина («Марсель»).

Жартылай қорғаушылар: Энцо Фернандес, Алехандро Гарначо («Челси»), Эксекиэль Паласиос, Игнасио Фернандес («Байер»), Алексис Мак Аллистер («Ливерпуль»), Николас Гонсалес, Тьяго Альмада («Атлетико»).

Аргентина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын. Финалда олар Францияны пенальти сериясында ұтып, алтын медаль иеленген еді. Айта кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ; Канада, Мексика елдерінде өтеді. Бұған дейін алдағы Әлем чемпионатында жеңімпаздыққа үміткер фаворит командалар туралы жазған едік. 

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар