• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Балалар 21 Қыркүйек, 2024

Биыл суицид жасауға ниеттену мәселелері бойынша 1 237 өтініш түсті - Динара Зәкиева

245 рет
көрсетілді

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева кәмелетке толмағандар арасындағы суицид проблемасы, оның алдын алу, себептерін анықтау және олармен жұмыс істеу жөніндегі шаралар жайына кеңінен тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид проблемасы, оның алдын алу, себептерін анықтау және олармен жұмыс істеу жөніндегі шаралар кеше Мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің төрағалығымен өткен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте қаралды. Осы кеңесте талқыланған мәселелер жайында Динара Зәкиева Facebook-тегі парақшасында арнайы жазба жариялады:

«ІІМ мәліметтері бойынша, балалар арасында суицид жасаушылардың орташа жасы 15-17 жасты құрайды, алайда одан да ерте, яғни 11-13 жастағылар арасында да жағдайлар жиі кездеседі. Негізгі себептері:

жалғыздық, ата-аналарымен, туыстарымен, құрдастарымен қарым-қатынасы, буллинг, қорқытып-үркіту құрбаны болғанда, сонымен қатар, қазіргі әлемде әлеуметтік желі де суицидке түрткі болып жататыны жасырын емес.

Осыған байланысты аталған кеңесте киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды. Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі суицидті насихаттайтын ақпаратты таратудың 22 фактісін анықтады, оның нәтижесінде 19 материал жойылды; зорлық-зомбылықты насихаттайтын ақпаратты таратудың 157 фактісі, оның ішінде 56 интернет-ресурс шектелді; сондай-ақ 101 материал бойынша хабарламалар жіберілді.

Уәкіл бүгінгі таңда аталған министрлік Telegram және Meta өкілдерімен байланысып, балаларды тарту үшін пайдаланылуы мүмкін белгілі бір атаулары бар барлық топтарды жоюды сұрағанын баса атап өтті.

«Кеңеске қатысушылар ата-аналармен ақпараттық жұмыс жүргізу туралы мәселені көтерді. Атап айтқанда, ата-аналар балалардың мінез-құлқындағы қандай өзгеріске назар аударуы керек және баланың көмекке мұқтаж екенін қалай түсінуге болатындығы тұрғысында», дейді ол.

Оның айтуынша, алдын алу шараларына баланың хабарласу құралдарын құру жатады.

«Сондықтан біз ЦДИАӨМ-мен балалар да жиі жүгінетін 111 байланыс орталығының жұмыс сапасын арттыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мәселен, жақында зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыз хабарласты, оның өз-өзіне қол жұмсау ниеті бары анықталды. Қоңырау нәтижесінде күдікті ұсталды, тергеу жүріп жатыр. 11 айда психоэмоционалды жағдай және суицид жасауға ниеттену мәселелері бойынша 1 237 өтініш түскен. Барлығы 75 мың қоңырау түсті. Әрине, мектептердегі балалармен жұмыс жайы да талқыланды», дейді омбудсмен.