Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина денсаулығына байланысты тағы бір ірі жарысқа қатыса алмайтын болды. Отандасымыз арқасынан алған жарақатына байланысты Қытайда өтетін WTA 1000 - China Open турнирінен бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық теннисшінің қатыспайтынын жарыс ұйымдастырушылары растады. Олар турнир кестесіне ескерту жариялады. WTA 1000 - China Open турнирі 25 қыркүйектен 6 қазанға дейін жалғасады.
Былтыр Елена Рыбакина бұл турнирде жартылай финалға дейін жеткен. Енді сол жылы алған ұпайын қорғай алмайды. Тиісінше, 390 ұпайынан айырылады.