«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды», делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ал Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.