• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Технология 24 Қыркүйек, 2024

Бразилияда ағаштарды дрондар отырғызады

339 рет
көрсетілді

Бразилиядағы орманды алқаптарды қалпына келтіру мақсатында заманауи құрылғылар қолданылып жатыр. Дәлірек айтсақ, адам басқаратын дрондар әуеден тұқым сеуіп шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызықты деректі «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Бекзат Құлшар «Ғалам ғажаптары: Орман қорғаушы жасанды интеллект» танымдық мақаласында тілге тиек етті.

Бразилиялық мамандардың айтуынша, бұл істе ұшу апараттарының пайдасы зор. Әсіресе адам қолы жете бермейтін жерлерде әлеуеті кең.

Мәселен, арнайы дрондар небәрі бір күнде 50 гектар аумаққа тұқым сеуіп шығады. Бұл адамның еңбек күшінен әлдеқайда жылдам әрі өнімді екенін дәлелдейді. Бразилия билігі аталған технологияның арқасында бір миллион түп ағаш егуді көздеп отыр.

Мұндай заманауи әдістер Қазақстанда қолданылады ма? Бұл сұраққа да жауап іздеп көрдік. 

Елімізде дрондар егін шаруашылығында пайдаланылады. Десе де, бұл енді ғана қалыптасып жатқан үрдіс. Одан бөлек, Қазақстанда дрон шығару сала­сын­да да алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Мәселен, «Ата­мекен» кәсіпкерлер палатасы ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, тау-кен жә­не өнер­кәсіптің басқа да салалары үшін Қы­таймен бірлесіп дрон шығаратын кәсіп­орын құру жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді.

Ал Kansas State University жүргізген зерт­теулерге зер салсақ, дрондарды қолдану арқылы дақыл­дар­дың «денсаулығын» бақылау, арам­шөп­­терді анықтау және өнімділікті арт­тыруда шығындарды 75 пайызға дейін азайтуға болады.