• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қыркүйек, 2024

Су тасқынын болжау: Ғарыш мониторингі жүргізіледі

109 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев еліміздегі су тасқыны жағдайын ғарыштан зерделеу үшін арнайы ақпараттық жүйе әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның бірінші кезеңі тарихи және жедел гидрометеорологиялық деректерді, гидропосттардың нақты координаттарын, реперлердің белгілерін және т.б. жинаудан тұрады.  Екінші кезең GloFAS жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесімен интеграциялауды жоспарлап отыр. 

«Жүйені тестілік режимде іске қосу осы жылғы 1 желтоқсанға жоспарланып отыр», деді Жаслан Мәдиев.

Айта кетейік, биыл су тасқынынан республикалық маңызы бар трассалардың 122 учаскесінде жол жиектері мен жол төсемі шайылып кеткен. Мұндай деректерді Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев келтірді. Қазіргі уақытта оларды қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр, қаражат толық көлемде бөлінген.