• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қыркүйек, 2024

АЭС құрылысының келешегі талқыланды

63 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Нұрия Ниязова, Жанна Асанова және Бекболат Орынбеков Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен және арнаулы орта білім беру орындарының ұжымдарымен кездесіп, АЭС салудың келешегін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоғарғы Палатаның баспасөз қызметі мәлімдегендей, сенаторлар кездесулер барысында энергияның ең экологиялық таза түрі ретінде атом энергетикасының артықшылықтарына тоқталды. Сондай-ақ АЭС қауіпсіздігі және қоршаған орта мен халықты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қабылданатын шаралар мәселесін талқылады. Кездесулерде атом энергетикасы көмірсутегі көзіне экологиялық ең таза баламаның бірі екені тілге тиек етілді.

«Табиғи уранның бір килограммы 10 тонна көмір өндіретіндей энергия береді. Бұл атом энергиясының қаншалықты тиімді екенін айқын көрсетеді. Еліміздің өсіп келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыру үшін бізге сенімді және экологиялық таза энергия көзі қажет. АЭС азаматтардың орнықты болашағын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді Жанна Асанова.

Кездесуде АЭС салу жөнінде өтетін референдумның негізгі мәселелері де талқыланып, аталған жоба Қазақстан үшін маңызды қадам екені айтылды.