• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қыркүйек, 2024

Алаңдауға негіз жоқ

95 рет
көрсетілді

Қысқа дайындықты жазда қолға алған Ақтау қаласында жылу құбырларын жөндеу жұмыстарының саябырсуы тұрғындардың алаңдауына түрткі болды. «Күн суытып келеді, жылу қосылу уақыты жақындады, көшедегі жұмыстар баяу жүріп жатыр», деп жұрт жергілікті әкімдікті мазалай бастады.

Ал жергілікті әкімдік межеленген мерзімге үлгеретінін айтады. Қазірде Ақтау қаласының магистралдық жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қайтадан қарқын алды. Жылумен жабдықтау желісінің 11,4 ша­қырымы 11 учас­кеге бөлініп, жұмыстар күшейтілген режімде жүргізіліп жатыр. Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Абай Естекбаевтың айтуынша, жоспарланған 11 мың шақырымнан астам аумақтың 10 мың шақырымнан астам бөлігінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған.

Бұл жөндеу жұмыстарының Ақтауды дамытуға тікелей қатысы бар. Өйткені 50 жыл, яғ­ни жарты ғасыр бойы жөндеу көрмеген жылу құбырларының жаңар­тылып жатқаны – ерекше қуануға тұратын нәтиже.

«Жаңартуға қажетті құбырлар 100% сатып алынып, Ақтау қаласына жеткізілді,  монтаждау 90%-ға орындалды. Аталған жұмыстарды қазан айына дейін аяқтау үшін күшейтілген режімде жұмыс істеп жатырмыз, алаңдауға негіз жоқ», дейді А.Естекбаев.

Демек мамандардың сөзіне сенсек, Ақ­тауда жылу беру мау­сымына қатысты күрделі, күл­білтелі мәселе жоқ. Жасалып жат­қан баталы істердің бастысы – жарты ғасыр ауыспаған жы­лу құ­бырларының жаңартылуы. Оның игілігін қалың бұқара қазан айынан бас­тап көреді.

 

Маңғыстау облысы