• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Қыркүйек, 2024

Елордада Мәңгілік ел даңғылы уақытша жабылады

121 рет
көрсетілді

Астанада Сығанақ көшесі мен Мәңгілік ел даңғылығының қиылысы уақытша жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Сығанақ көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысындағы көпірдің үстінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ММ Сығанақ көшесі - Мәңгілік Ел даңғылының қиылысындағы көпірде жаяу жүргіншілер плиталарын бөлшектеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі», делінген хабарламада.

Осыған байланысты,  26 қыркүйекте сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін және 27 қыркүйекте сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабылады.

Соңғы жаңалықтар