• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Мектеп 26 Қыркүйек, 2024

Шағын мектептердің сапасы артады

70 рет
көрсетілді

Еліміздегі бес өңірде шағын жинақты мектептердің әлеуетін арттыру бағытындағы жоба қолға алынбақ. Аталған жоба келесі жылдан бастап іске қосылады. Қазір қанатқақты жоба ретінде жүзеге асы­рылып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Жоғарыдағы жауапты министрлік пен Ақтөбе облысының әкімдігі «Цифрлық технологияларды пайдаланып Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» атты қанатқақты жобасының қоры­тындылары республикалық семи­нарда талқыланды. Жоба «Қа­зақ­­стан халқына» қорының, Білім бе­ру­ді тұрақты дамыту қоры­ның қо­л­­дауымен, Оқу-ағарту министр­лі­­гінің бастамасымен Ақтөбе облы­сы­­ның әкімдігімен бірлесіп жүзеге асы­­рылды.

Жоба қорытындысына келсек, жал­пы қанатқақты жоба Ақтөбе облысы бойынша 10,5 мыңнан аса оқушы білім алатын 134 шағын жинақты мек­тепті қамтиды. Тірек мектептердің оқы­ту­шы­лары сабақ беруде стримингтік оқы­тудың цифрлық шешімдерін қол­данды. Жоба нәтижесінде мектеп­терде онлайн оқытуға арналған жа­ңар­тылған цифрлық кабинеттер мен лабораториялық жұмыстар жүр­гі­зі­летін ғылым кабинеттері ашылды, осы­ған қоса 1000-нан көп педагог «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы әзірлеген екі білім беру бағдарламасы бойынша оқыды. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академия­сы ғылыми-әдістемелік жағынан сүйе­мелдеген. Жобаны жүзеге асыру ке­зінде мектеп­те­р­дің 77,4%-да жоғары жыл­дам­дық­ты интернетке қосылып, педа­го­гикалық кадрлар тапшылығы мәсе­ле­сі шешімін тауыпты.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева жоба туралы: «Министрлік ауылдық және жалпы шағын жинақты мектептерді дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүр­гізіп келеді. 8 мың мектептің 67,4%-ы­­ ауылдық жерлерде орна­лас­қан, сон­дай-ақ 51,2%-ы шағын жи­нақты оқу ошағы саналады. Мұн­дай мектептердің басым бөлігі – Сол­түстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында. Ақтөбе облы­сында жүзеге асырылған қанат­қақ­ты жобаның нәтижесінде ауыл мек­теп­терінде білім сапасы пен оқыту тиім­ділігінің айтарлықтай артқанын бай­қап отырмыз. Бұл жоба жоғарыда аталған өңірлерде 2025-2026 жылдарда іске қосылады», деді.