• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қыркүйек, 2024

Қарттарға қамқорлық – қоғам парызы

166 рет
көрсетілді

1 қазан – халықаралық Қарттар күніне орай «Ардагерлер ұйымы» рес­­пуб­­ли­­­ка­лық қоғамдық бірлестігінің Орта­лық кеңесі қоғамға Үндеу жариялап, «Қарт­­­та­­­­рымызды қамқорлай жүрейік!» ай­­­­­лық акция­сына қатысуға шақырады.

Үндеу мәтінінде төмендегідей ой-пікір жазылған:

«Бұл күн – біздің аға буынға ризашы­лығымызды білдіріп, шынайы көңіл бөлуімізге мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың қажеттіліктеріне назар аударуға жақсы себеп. Қарияларды қолдау, оларға қамқорлық көрсету – аға буынға көрсеткен пары­­­зымыздың аз ғана бөлігі. «Ардагерлер ұйымы» рес­публикалық қоғам­дық бір­лес­тігінің бастамасымен жылдар бойы елімізде қазан айы «Қарттарымызды қам­қорлай жүрейік!» акция­­сына ұласып келеді. Қазақ хал­қының дәстүрінде үлкенді сыйлап, ақылын тыңдап, алдынан кесе-көлденең өтпеген. Елімізде қарт адамдарға деген қамқорлық жыл сайын артып келеді. Жасының егде тартуына, денсаулығының сыр беруіне байланысты қарттардың көп­теген шешілмеген мәселесі туындайтынын білесіздер, сондықтан оларға қолдау көр­сету – туған-туыс­тары мен барша қоғамның мін­деті.

Мемлекетіміз қарттарға деген қамқорлықты эконо­микалық дағдарыс кезінде де тоқтатқан емес. Дегенмен елімізде әлі де болса әлеуметтік көмекке мұқтаж егде адамдар бар.

Кейбір қариялар жасы ұл­ғай­ған шағында жан жылуы мен мейірімге зәру. Барлық қазақ­­­стандықты, жұмыс беру­шілерді, бизнес құрылым өкіл­дерін, аға буынның ел игілігіне қосқан еселі еңбегін ұлықтауға, «Қарттарымызды қамқорлай жү­рейік!» айлық акциясына атса­лысуға шақырамыз.

Қарияларға материалдық тұр­ғыдан қолұшын созуға, әлеу­меттік-тұрмыстық жағ­­дай­ла­рына қолдау көр­­се­ту­ле­рі­ңіз­ді сұрай­мыз. Өз елінің патриоты ретінде акцияға бейжай қара­­май­тын азаматтар жергілікті әкім­­дік­термен, өңірлік ардагерлер кеңес­терімен байланысқа шығып үлес қосады деген үміт­теміз».