• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қыркүйек, 2024

Тиімді таңдау жасау міндеті

332 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаттары, АЭС құрылысын қолдау жөніндегі республикалық Халық штабының мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Шиелі ауданына сапары аясында өңірдің ақсақалдарымен кездесіп, атом электр стансасын салудың келешегін талқылады.

«Қазақстанның энергетика саласын дамыту шұғыл шешім­дерді талап етіп отыр. Атом энергетикасы – елімізді энер­гия­мен қамтамасыз ету әрі оның экономикалық тұрақ­тылығын қамтамасыз ету жо­лындағы басты қадам. Қазақ­стан­ның дамыған елдер қа­тарына қосылуы үшін атом электр стансасы қажет. Бүгін­гі таңда АЭС бүкіл әлемде қар­қын­ды түрде пайдаланылып келеді және еліміз үшін ең жақсы нұсқаны таңдау – біздің міндетіміз», деді Н.Байқадамов.

Ардагерлер мен аудан тұр­ғындары Президент Жол­­дауы­нда айтылған бас­та­маға қол­дау білдіріп, өз­де­­рін тол­ған­дырған сауалдарын қойды. Се­на­торлар ақса­қал­дармен кез­­­­­­де­суден кейін Тұран ауыл­дық округінің тұрғын­да­­рымен пікір­лесіп, жасыл энер­­ге­­­ти­ка­ның артықшылығы мен атом энергетикасын дамыту жоспары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ Р.Рүстемов табиғи газды жеткізудегі тұрақсыздық пен оны өндірудің қысқаруы жағ­­дайында атом энергетикасы ел экономикасын дамыту­дың сенімді көзіне айналатынын жеткізді.

«Атом электр стансаларының құрылысы да жұмыс орындарын ашуға, жаңа технология­ны дамытуға және еліміздің тұрақ­ты энергетикалық бола­ша­ғын қамтамасыз етуге септі­гін тигізеді. Бұл экономиканы нығайтып қана қоймай, электр қуатының тапшылығын шешудің бір жолы болмақ», деді Р.Рүстемов.