• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 26 Қыркүйек, 2024

Жедел жәрдем ІV санатты шақыртуларға қызмет көрсетуді тоқтата ма

322 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде және кейбір БАҚ беттерінде елімізде жедел жәрдем қызметі төртінші санаттағы шақыртуларға тәулік бойы қызмет көрсетуді тоқтатуы мүмкін деген ақпарат тарады. Осыған орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ел азаматтары жедел жәрдемнің қызметіне жиі шағым түсіреді. Олардың шағымдарына талдау жүргізу барысында шақыртулардың 50%-дан астамы шұғылдықтың төртінші санатына жататынын көрсетті, бұл емханаларды қоса алғанда, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының (МСАК) бақылауындағы созылмалы аурулары бар пациенттерге қызмет көрсетуді білдіреді.

«Осыған байланысты Министрлік Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету стандартына және Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер жобасын әзірледі. Өзгерістер үйде қызмет көрсетуді тоқтататынын білдірмейді, керісінше медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға бағытталған. Дәрігерді үйге шақыртуларды тіркеуге және үйдегі стационарларды ұйымдастыруға қатысты тармақтар құжаттың құрылымын жақсарту үшін жобаның басқа бөліміне ауыстырылды, бірақ олар күшінде қалады. МСАК-тың медицина қызметкерлері алдыңғы стандарттың шеңберінде үйде көмек көрсетуді жалғастырады», делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі қызмет көрсету сапасы мен азаматтардың қанағаттанушылығын арттыру үшін медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады.