• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Елордада Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

54 рет
көрсетілді

Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан 2024 жылдың 3-5 қазаны аралығында «Denis Ten Memorial Challenge 2024» V халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Denis Ten Memorial Challenge 2024» V халықаралық турниріне 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысады. 

Жарыс жеке конькимен сырғанау, сондай-ақ мұз биі бойынша жасөспірімдер мен ересектер санаттарында өтеді. 

Айта кетейік, турнирді «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырған. Бас демеуші - «Самұрық-Қазына» АҚ. Жарысқа Астана қаласының әкімдігі және «Sportqory» спортты қолдау қоры қолдау көрсетіп жатыр.

Жарыс кестесі ұйымдастырушының @denistenfoundation ресми аккаунтында жарияланады. 

Соңғы жаңалықтар