Елорданың Есіл ауданындағы Бұқар жырау көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде электр панелі өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт алдын ала 20 погондық метр алаңда оқшауланған. Нақтыланған ақпарат бойынша, 2 және 6-қабаттар арасындағы кабель жанып кеткен.
Оқиға орнынан тұрғындардың эвакуацияланғаны хабарланды. Зардап шеккендер жоқ.