• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қыркүйек, 2024

Мароккоға визасыз сапарлауға болады

119 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Марокко визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Бұл екі ел азаматтарының сапарларын жеңілдетуге бағытталған, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясы аясында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелдегі марокколықтар жөніндегі министрі Насер Буритамен екіжақты кездесу өткізді.

Министрлер саяси, сауда-эконо­микалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан және Марокко азамат­тары жарамды ұлттық, жалпы­азаматтық паспорттардың негізінде екі елдің аумағына кіру, шығу, транзитпен өту және уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады. Құжатқа сәйкес, әрбір болу мерзімі кіру сәтінен бастап 180 күннің ішінде 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

Сонымен қатар келісімде көздел­ген мерзімнен ұзақ болуды немесе еңбек қызметімен, білім алу немесе кә­сіп­­керлікпен айналысуды жос­пар­­ла­ған тараптардың азаматтары қабыл­­даушы мемлекеттің диплома­тия­лық өкілдіктері немесе консулдық мекеме­лерінен тиісті виза алуға міндетті.

Келісім тараптардың қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.