Каспий теңізінде, Қашаған кен орны маңында алғаш рет күшті торнадо тіркелді. Ғалымдар қазір табиғат құбылысын зерттеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Liter.kz-тің жазуынша Торнадоның суреті Pace Analytics Telegram арнасында жарияланған. Мақаланың авторы оқиға Қашаған кенішіндегі D аралының маңында болғанын айтады.
«Бұл құбылысты қазір Ақтаудағы Есенов атындағы университеттің ғалымы Геннадий Владимирович Тарасенко зерттеп жатыр.Ол сондай-ақ жер өрісінің энергиясының өзгеруін де зерттейді. Тосын құбылыстың пайда болуының негізгі себебі осы болуы мүмкін», делінген хабарламада.