• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:45

Астанада көпқабатты үйдің балконы опырылып түскен

38 рет
көрсетілді

Астанада көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы балкон опырылып түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Григорий Потанин көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Балкон опырылып, бесінші қабаттағы бетон плитасы кенеттен сынып, төртінші қабатқа құлаған.

Оқиға куәгерлері балконда тұрған әйелдің темір торларды ұстап, соның арқасында аман қалғанын атап өтті.

Аталған оқиғадан кейін үй тұрғындары опырылған балкон мәселесіне байланысты Төтенше жағдайлар департаментіне жүгінген. Алайда, балкондар жеке меншік екенін, оны қалпына келтіру бөлімнің құзырында емес екенін алға тартып, құтқарушылар оқиға орнына барудан бас тартқан.

      Lihat postingan ini di Instagram      

Sebuah kiriman dibagikan oleh Egemen Qazaqstan (@egemenkz)