• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 01 Қазан, 2024

Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды

181 рет
көрсетілді

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Түркістан қаласының әкімі лауазымына Әзімбек Пазылбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім болғандай, Әзімбек Пазылбекұлы 1991 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, М.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетін және «Болашақ» университетін тәмамдаған. Мамандықтары – мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, құрылыс, құқықтану.

Еңбек жолын 2013 жылы Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастап, жетекші маман, бас маман қызметтерін атқарған. 2015 жылы Қызылорда қаласының әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болса, одан кейін Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Коммуналдық шаруашылық басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы болып еңбек еткен. 2017 жылдан бастап Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Коммуналдық шаруашылық басқармасының бас сарапшысы, басшысы болып жұмыс істеген.

Инвестициялар және даму министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басқармаларын басқарған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған.