• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Қазан, 2024

Қосшыда көпқабатты тұрғын үйден 20 адам эвакуацияланды

95 рет
көрсетілді

Ақмола облысының Қосшы қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 3-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер түтін тағамның күйіп кетуінен шыққанын анықтаған.

«Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, жалын тез жойылды. ТЖД күшімен көрші пәтерлерден 20 тұрғын эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.