Шахматтан Қазақстан құрамасы мүшелері жасөспірімдер арасында үздік жиырмалыққа енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) әлемнің үздік шахматшыларының рейтингін жаңартты, оған Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Әмина Қайырбекова енген.
1bol.kz-тің мәлім етуінше Ұлттық құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында әлемдік рейтингте 16-орынға тұрақтады.
Еске салайық, Қазақстанның әйелдер құрамасы Будапеште өткен шахмат Олимпиадасында күміс жүлдеге қол жеткізді. Құрама намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Әмина Қайырбекова қорғады.