Ақтөбе облысында жеңіл көліктер тиелген жүк машинасы өртенді. Көлік жүргізушісі мен оған көмекке ұмтылған куәгер зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше оқиға Самара-Шымкент тасжолында болған. Өрттің шығуына жүккөлігінің қозғалтқыш бөлігінің істен шығуы себеп болған.
Өртсөндірушілер үш көлікті аман алып қалды, қалған үш көлік жалынға оранды.
«Оқиға кезінде 1996 жылы туған жүргізуші және 1994 жылы туған Қырғызстан азаматы аудандық ауруханаға жеткізілді. Екеуі де белгілі бір дәрежеде күйік алған», делінген ведомоство хабарламасында.