Үкімет мүшелері тұрғын үйін жалға беріп, одан табыс түсіруі мүмкін. Тиісті түзетуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін Мәжіліс депутаттары аталған заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын қарады. Заң жобасына мынадай түзетулерді енгізу көзделген:
Үкімет мүшелеріне өз меншігіндегі тұрғын үйді мүліктік жалдауға беруге және одан табыс алуға тыйым салатын норма алынып тасталды; Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметпен айналысуға тыйым салуға байланысты шектеулерді сақтау бөлігінде қолданыстағы мемлекет қызметкерлері мен олардың міндетін уақытша атқарушылардың құқығы теңестірілді. Пайдаланылуы табыс алуға әкеп соғатын мүлік сенімгерлік басқаруға берілмеген жағдайда мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер үшін мемлекеттік қызметті тоқтату шарттары нақтыланды.