• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қазан, 2024

Су тасқыны туралы жаңа деректі фильм жарық көрді

127 рет
көрсетілді

Биыл еліміз соңғы 80 жылда болмаған алапат су тасқынын өткергені мәлім, деп хабарлайды Egemen.kz.

2024 жылғы су тасқыны кезінде ҚР Президентінің Телерадиокешені шұғыл түрде «Стихия» деректі фильмін түсірген. Содан бері 5 ай өтті. Осы уақыт аралығында Президенттің Үкіметке жүктеген тапсырмасы қаншалықты орындалды, су тасқынынан зардап шеккен аймақтар қалай қалпына келтірілді, үй-жай, мал-мүлкінен айырылған халықтың мәселесі түбегейлі шешілді ме? Мемлекет басшысының елге берген уәдесі орындалды ма?

«Серт» деректі фильмінде жоғарыда қойылған сұрақтардың жауабы ретінде су тасқынынан зардап шеккен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының бүгінгі бейнесі көрерменге ұсынылады.

Фильмнің ерекшелігі – кейіпкерлердің тың әңгімесі. Кадрдан тыс мәтін жазылмаған.