• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қазан, 2024

ШҚО-да 3 су арнасы жөндеуден өтеді

86 рет
көрсетілді

Бұл туралы ШҚО бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Нұржан Әміржанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған филиал Күршім, Марқакөл аудандарында Жауғашты, Қарақия, Победа магистральды каналдарын реконструкциядан өткізуді жоспарлап отыр.

Үш нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, оны жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Бүгінде топографиялық түсірілім, геологиялық және геодезиялық іс-шаралар аяқталған.

Сондай-ақ Зайсан ауданының Үйдене суару жүйесінің 2 магистральды каналында автоматтандыру жүйесін қалпына келтіру жұмыстары да аяқталды. Бұдан бөлек, биыл каналдар арқылы су беру сапасын жақсарту үшін Зайсан ауданындағы Қаратоғам магистральды каналында су көлемін есептеуге арналған су бекетін қалпына келтіру көзделген.

«Биыл Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандарының 43 шақырым каналын механикалық тазарту жұмысын жүргізді. Жыл басынан бері филиал каналдар арқылы 9140 га суармалы жерге 36,7 млн текше метр су берді. Ол үшін шаруалармен 556-дан астам келісімшарт жасалды», деді Нұржан Әміржанов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында.