• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Денсаулық 04 Қазан, 2024

Астанада медициналық білім беру сапасы мәселелері талқыланды

99 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өтіп жатқан «Білім беру сапасын арттыру - ақпараттық кеңістіктегі жоғары оқу орындарының стратегиялық даму феномені ретінде» атты Орталық Азия халықаралық форумының ашылуына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ведомство басшысы өзінің құттықтау сөзінде Денсаулық сақтау министрлігі медициналық кадрларды даярлау сапасына басымдық беретінін атап өтіп, аккредиттеу орталықтарының білім беру сапасын қамтамасыз етудің сыртқы құралы ретіндегі рөліне тоқталды.

Қазақстанда білім беру бағдарламалары тұрақты негізде дамып жатыр, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның тәуелсіз емтихан жүйесі енгізілді, инфрақұрылым жетілдіріліп жатыр, жаңа жабдықтар мен әдебиеттер сатып алынды.

Ведомство басшысы бұл форум жоғары білім сапасын қамтамасыз ету ісінде жаңа идеялар мен тәсілдерді іздеу үшін пайдалы диалог алаңына айналатынына сенім білдірді.