• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2024

Павлодар облысында 505 мыңнан астам азамат өз таңдауын жасайды

69 рет
көрсетілді

АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумда Павлодар облысынан 505 673 адам дауыс беру құқығына ие.  Оларға 520 референдум учаскесі қызмет көрсетеді.

Қазақстанда АЭС салу жөніндегі республикалық референдумда Ертіс-Баян өңірінен 505 673 адам дауыс беру құқығына  ие.  Бұл туралы Павлодар облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Гүлнәр Аманжолова хабарлады.

«Облыс бойынша референдум учаскелерінде дауыс беруге жалпы саны 505 673 адам тіркелген. Павлодар облысының аумағында 520 референдум учаскесі бар. Оның біреуі - облыстық, 13-і - аумақтық, өзгесі - учаскелік комиссиялар. Бұл комиссиялар құрамында 3430 адам қызмет етеді. 30 учаскеде көзі нашар көретін 46 адамның брайль шрифтін қолдануына жағдай жасалған», деп атап өтті Г.Аманжолова.

Бұған қоса, 21 учаске азаматтардың уақытша болатын орындарында дауыс беруі үшін ұйымдастырылады. Кей азаматтар денсаулығына байланысты үйден дауыс беруді қаласа, сағат 12.00-ге дейін тиісті референдум учаскесіне хабарласып, өтініш қалдыра алады. Мұндай жағдайда комиссия өкілдері тұрғынның үйіне бюллетеньді алып барады.

 

Павлодар облысы