Ақтау қаласындағы сайлау учаскелерінде азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Азық-түлік жәрмеңкесіне жергілікті 50-ге жуық кәсіпкер қатысты. Жәрмеңкеде нан, сүт өнімдері, жеміс-жидек пен көкөніс, кептірілген жемістер және ыстық кофе арзандатылған бағамен ұсынылды.
«Жәрмеңкеде сатылған кез-келген тауардың құны нарықтағы бағадан төмен. Қала тұрғындары өз таңдауын жасап қана қоймай, жәрмеңкеден қажетті тауарларын сатып алды», деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің маманы Заманбек Оңғарбаев.
Маңғыстау облысы