Депутат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «егер АЭС салуды халық қолдайтын болса, аталған нысанды халықаралық консорциум салуы тиіс» деп айтқанын еске сала кетті. Ерлан Саировтың жазуынша, бұл мәселені шешу Үкіметке жүктеледі.
«Азаматтардың көкейінде жүрген сұраққа Мемлекет басшысы жауап берді. Бүгін біздің азаматтарда Ресей мен Қытайға қатысты күдік бар екендігі құпия емес. Сондықтан, басқа да елдердің қатысуымен консорциум болса өте дұрыс болады. Консорциум сонымен қатар, басқа технологиялық проблемаларды шешетіні анық. Бұл өте байсалды шешімдер. Егер азаматтар дауыс берсе, бұл нысанның күні-түні, 24-сағат МАГАТЕ ұйымының жіті бақылауында болатындығын да баса айту керек. Халықтың шешімі де бүгін-ертең анықталады. Қазақстан өркендей берсін!», делінген жазбада.