• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 2024 06 Қазан, 2024

Ерте келгендерге тосын сый

13 рет
көрсетілді

Облыс орталығының Ақан сері көшесіндегі «Білім-инно­вация» лицейінде орналасқан №24 дауыс беру учаскесіне қала тұрғындары таңсәріден келе бастады.

Дауыс беруге келген ел аға­ларының бірі, жазушы-журналист Сайлау Көшкенді осы жерде жолықтырдық.

– Атом электр стансасын салу туралы әңгіме қозғалғаннан бері бұқаралық ақпарат құралдарын үзбей оқып келемін. Әсіресе «Egemen Qazaqstan» бетін­де білікті мамандар салиқалы пікір айтып, болашақ стансаның қаншалықты қажет екенін, бұл сауалдың мәні мен мазмұнын жан-жақты талқылап жазды. Тақырыпты тереңнен толғап саралаған мамандардың айтуы­на қарағанда, бұл – еліміздің ертеңіне мейлінше зор ықпал ететін шаруа. Электр қуатынсыз қоғамның болашағын көз алдыңа елестете алмайсың. Өзімнің азаматтық міндетімді өтейін деп таңғы сағат алты жарымнан дауыс беру учаскесіне келдім. Учаске жұмысы басталғанша аздап күтуге тура келді, – дейді С.Көшкен.

Учаскеге 2 741 адам тіркелген. Сағат 10-да 150-ге жуық адам дауыс беріп үлгерді. Сәлден кейін адамдар легі көбейді, кішігірім кезек те пайда болды. Осы бір көрініс­ке қарап жерлестеріміздің ел ертеңіне бейжай қарамайтынын аңғаруға болады.

– Дауыс берушілер арасында аға буын өкілдері де, жастар да бар. Егде адамдар таңсәріден келіп дауыс берді. Олардың арасында жасы 80-нен асқан бірнеше қарт та бар. Ең бірінші келген адамдарға сый-сияпатымызды жасадық. Аға буын ел болашағы үшін атқаратын шаруаны жақ­сы түсінеді. Ал 18-ге жаңа толып жатқан жастардың ел ер­теңі­не деген алаңдаушылығын, бойындағы жауапкершілігін көрген кезде ризашылық сезім­ге бөленеді екенсің, – дейді учас­келік комиссияның төрайымы Қарлығаш Тінахина.

Учаскенің алды­на азамат­тық міндетін өтеу­ге келген адам­дармен де тілдес­тік. Ма­ман­дандырылған күзет қыз­метінің өкілі Ерболат Құс­метов ертеңгі ұпақтың алдында жауапты екенін жеткізді.

Ақмола облыстық референ­дум ко­миссиясының төр­ағасы Манар­бек Сәдуовтің айтуына қарағанда, өңірде 513 254 дауыс беруші бар. Сағат 10-ға дейін олардың 17,18 пайызы дауыс беріп үлгерген.

 

Ақмола облысы