• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Басылым 07 Қазан, 2024

Басқа басылымдардан: Қазақстандағы референдум

75 рет
көрсетілді

Қазақстанда елдегі және бүкіл Орталық Азиядағы бірінші атом электр стансасының құрылысы бойын­ша референдум өтті. Референдум алдында ел билігі АЭС құрылысын ашық қолдап, БАҚ пен әлеуметтік желілер­де ақпараттандыру жұмысы жүр­гізілді.

Сайлаушылар бір сұраққа жауап беруі керек: «Сіз Қазақстанда атом электр стансасын салуға келісесіз бе?».

Референдумға үш күн қалғанда, 3 қазанда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттары алдында сөйлеген сөзінде жалпыұлттық референдумның маңызына тоқталып, оған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі деп баға берді. Мемлекет бас­шысының пікірінше, Қазақстан бәсе­келестікте өз артықшылықтарын пай­даланбаса, әлемдік прогрестен шет қалуы мүмкін.

 

АЭС-ке қатысты таңдау

Қазақстанда бірінші атом электр стансасының құрылысына қатысты референдум өтті. Жергілікті тұрғын­дар 10 мыңнан аса референдум учас­кесінде стансаның салынуын қолдап немесе қарсы дауыс берді.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де басталып, кешкі 20.00-де аяқталды. Ел аумағында 10 323 сайлау учаскесі ашылған.

Референдумға елде тіркелген 12 млн 244 мың 683 сайлаушы қатысады деп күтілген. Сондай-ақ дауыс беру Қазақстанның әлемнің 59 еліндегі өкілдіктерінде де жүргізілді.

Референдумға төрт ұйымнан 102 байқаушы, негізінен Түркі мемлекет­тері ұйымының байқаушылар миссия­сы, сондай-ақ 30 елден 75 шетелдік деле­гат аккредиттелген.

 

Энергетикалық қауіпсіздікке бетбұрыс

Жексенбіде Қазақстанда елдегі алғаш­қы атом электр стансасын салу бойынша маңызды референдум өт­кізуге сайлау учаскелері ашылды. Бұл бастаманы Үкімет пен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдап, елдің энергетикалық қауіпсіздігін жақсартуға бет бұрды.

Қазақстанның оңтүстік-шығысын­дағы Балқаш көлінің маңында салына­тын электр стансасы ел тәуелді болып отырған көмірмен жұмыс істейтін электр стансаларының ауыртпалығын жеңілдетеді.

Жаңғыртылатын энергияны пайдалану артып келе жатқанымен, оны қолдаушылар Қазақстанның әлемдегі ең ірі уран өндірушілердің бірі ретіндегі ұстанымы атом қуатын таңдағаны қисынды деп бағалады.

 

Тұрғындар жұмыс орындары ашылатынынан үмітті

Қазақстан азаматтары жексенбі күні өзінің алғашқы атом электр стансасын салуға қатысты референдумда дауыс берді. Бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері қоршаған ортаны ластайтын көмірге тәуелді стансаларды біртіндеп жоюға бет бұрған кезеңде көтеріп отыр.

Қазақстан Үкіметі АЭС-ті Балқаш өзені жағасындағы Үлкен ауылы маңынан салуды көздейді. Жергілікті тұрғындар мұнда жұмыс орындары ашылады деп үміттенеді.

«Мен электр стансасын қолдаймын. Бұл біздің болашағымыз», дейді ауыл тұрғыны Дәметкен Шүлгеева.

Табиғи газдың бай қорына қарамас­тан, 20 миллион халқы бар ел электр энергиясына сұра­нысын жабуға негізінен көмір жағатын электр стансаларына, сондай-ақ су электр стансаларына, қарқын алып келе жатқан жаңартылатын қуат көздеріне арқа сүйейді.