• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Қазан, 2024

Қарағанды - Павлодар шекарасындағы өрт: Қазіргі ахуал қандай

95 рет
көрсетілді

6 қазан күні Қарағандының Қарқаралы ауданында басталған өрт Павлодар облысына жетті. Қос облыс шекарарасында тұтанған табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар қызыл жалынды ауыздықтау үшін екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы кедергі келтіріп жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазір өрт аумағында Қарағанды және Павлодар облыстары, Астана қаласы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдарынан, ТЖМ 52859 әскери бөлімінен, «Баянауыл» МҰТП 609 адам және 110 бірлік техника, «Қазавиақұтқару» АҚ мен ҚР Қорғаныс министрлігінен 4 әуе кемесі жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ Қарағанды облысының Теректі ауылында және Павлодар облысының Желтау қыстағында далалық өрт сөндіру штабтары орналастырылған. Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе техникасы арқылы жүргізіліп жатыр.

«Жалпы 12 жауынгерлік учаске анықталды. Облыстық ТЖД және ТЖМ Командалық орталығында жедел штабтар жұмыс істеп жатыр. Әуе кемелері өрт ошақтарына 15 рет жалпы көлемі 22 тонна су төкті», делінген ТЖМ хабарламасында.