• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Қазан, 2024

Бұрынғы уақыт белдеуі қандай жағдайда қайтарылады

93 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында бірінші вице-премьер Роман Скляр  уақыт белдеуіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары халықтың барлығы елдегі жаңа уақыт белдеуіне наразылық білдірмейтінін, керісінше кейбіреулер қазіргі уақыт белдеуін құптайтынын тілге тиек етті.

«Мәселен, Ташкент пен Шымкент жақын орналасқан. Олардың арасында бір сағаттай уақыт айырмасы бар еді, ал қазір жоқ. Сол жердің халқы бізде бар уақытпен өмір сүреді. Ешкім шағымын айтпаған. Ал менен сұрасаңыз, өзім көп жыл ерте оянып үйреніп қалғанмын, сондықтан маған ыңғайлы десем болады. Меніңше, уақыт белдеуін практика арқылы біршама уақыт бақылау керек. Бүкіл азаматтардың ойын тыңдауымыз керек», деді Роман Скляр.

Еске сала кетейік, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын.