• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2015

Маңғыстауда әйел пойыз астына түсіп қаза тапты

280 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 28 қаңтар. Маңғыстау облысында әйел пойыз астына түсіп өлді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға 26 қаңтар күні Маңғыстау стансасында орын алған. 34 жастағы әйел жақындап қалған пойыздың астына құлаған. Машинист дереу тежегішті басқанмен, әйелді аман сақтап қалуға үлгермеген. Әйелдің денесі екіге бөлініп, оқиға орнында жан тапсырған. «Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаның куәгерлері әйелдің өзіне өзі қол жұмсағандығын айтуда және ол мұндай жағдайға туыстарымен арадағы ренішке бола барған» деп хабарлайды құқық қорғау орныдарының мәліметіне сүйенген Лада.kz сайты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу нәтижесінде анықталатын болады. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: Lada.kz.