Ватиканның дін қайраткерлері Қазақстандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезінен бастап қатысып келеді. Мен де осыдан екі жыл бұрын өткен VІІ съезге қатысып, сөз сөйледім. Біз бұл жаһандық жиынды жоғары бағалаймыз және мұны Қазақстанның адамзат баласына жасаған тартуы деп түсінеміз.
Алғашқы съезд өткеннен бері 20 жылдан аса уақыт ішінде сіздердің елдеріңіз әлем тұрғындары мен саясаткерлерін бейбітшілік пен ынтымаққа шақыратын ізгі ортаға айналды. Біз сондықтан да Қазақстанды «кездесу орны» деп атаймыз. Бүгінгідей жиындар тоқтап қалмай, әрдайым бір-бірімізді қолдап жүруіміз керек. Ең алдымен адамзатқа деген махабатты басшылыққа ала отырып жұмыс істеуіміз қажет. Махаббат пен өзара сүйіспеншілік жүрген жерде кез келген проблеманы шешудің кілті табылады. Өз басым діндер съезін осындай мүмкіндік әрі тек дін өкілдері арасындағы байланысты нығайтатын алаң ғана емес, сондай-ақ саяси, мәдени, экономикалық, басқа да салалардағы қарым-қатынастарды да бекітетін тетік деп санаймын.
Сол себептен де Рим Папасы Франциск 2022 жылы Қазақстанға алғаш рет апостолдық сапармен келіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VІІ съезіне қатысты. Біз Қазақстан мен Ватикан арасындағы байланыстарды, соның ішінде дін саласындағы өзара әрекеттестіктерімізді жоғары бағалаймыз.
Халед АКАШЕ,
Дінаралық диалог Папа кеңесі Ислам мәселелері жөніндегі бюросының
басшысы, монсеньор (Ватикан)