• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2015

Атырауда «Қазпоштаның» бес қызметкері уланып қалды

225 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 28 қаңтар. Атырауда тағы да бес адамның улану фактісі тіркелді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұған дейін Атырауда 22 оқушы мен мектептің бір қызметкерінің уланғаны тіркеліп еді. Енді «Қазпошта» акционерлік қоғамы Атырау филиалында қызмет ететін бес әйелдің уланғаны туралы анықталып отыр. Бүгін пошта қызметкерлері жедел жәрдем қызметінің көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілген. Әзірге белгісіз заттан уланған әйелдер алғашқы медициналық көмектен кейін үйлеріне жіберілген. Оқиға орнында төтенше жағдайлар және әрекет ету, құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізді. Түрлі зерттеулер жүргізу үшін ауадан сынамалар алынды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.