• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ғылым 09 Қазан, 2024

Мұғалімсіз оқыту немесе Хопфилд желісі

576 рет
көрсетілді

Кеше ғана Нобель сыйлығын алған Джон Хопфилдтің өнертабысы жасанды интеллектің  адамды өз бетінше оқыта алатынын дәлелдеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ресейдегі IFTI когнитивті модельдеу орталығының директоры және Airi институтының зертхана директоры Александр Пановтың деректеуінше, Хопфилдтің өнертабысы мұғалімсіз оқыту ұстанымына негізделген. 

Хопфилд жүйесі нейрондардың бір қабатынан тұратын авто-ассоциативті желі болып саналады. Осы арқылы жады қызметін орындай алады. Яғни, деректерді сүзу немесе оңтайландыру мәселелерін шешеді.

Классикалық нейрожелілерден айырмашылығы, Хопфилд желісі ақпаратты автоматты режімде тануды үйренеді, қарапайым тілмен айтсақ, бұл - мұғалімсіз оқыту.