• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қазан, 2024

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер ұсталды

52 рет
көрсетілді

Алматы қаласында Африка елдерінен келген алты және көршілес мемлекеттерден келген бір азамат анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шет мемлекеттен келген азаматтардың құжаттары болмаған, сондай-ақ олар жеке құрылыс алаңында, мейрамханада және көлік жуу орнында заңсыз жұмыс істеген. 

«Шетелдіктердің жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Олар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығарылады», деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар көші-қон қызметі басқармасының бастығы осы күндері Алматыда жедел жағдайды жақсартуға, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қонның және басқа да заңсыз әрекеттердің жолын кесуге бағытталған «Участок» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатқанын еске салды.